Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Түпқараған ауданы, М. Горький атындағы мектеп лицейінде туризм бағытындағы жұмыстарды жандандыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеп, тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында облыстың білім беру ұйымдарынан 20 педагог, үйірме жетекшілері қамтылған “Tourhike-2024” жартылай жаяу жорығы өткізілді.
Жорық бағдарламаға сәйкес, теориялық және практикалық бөлімдерге бөлініп, теория бөлімінде Жоламан Тұржанұлы өзінің жаяу жорық туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Туристік құрал-жабдықтардың түрлері мен атқаратын қызметін және жіп байлау әдістері, туристік кедергілер жолағынан өту жолдарын көрсетті.
Жорықтың практикалық кезеңінде қатысушылар 4 километрді құрайтын Баутин ауылы мен Ақкетік ауылының теңіз жағалауына дейінгі аралықты жаяу жүріп өтіп, ережеге сәйкес жоспарлы жол картасын сызып, жорық бағытын анықтап, жол бойында кездескен флора мен фаунасын жорық күнделігіне түсірді.
Барлық белсенді жорыққа қатысушыларға Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының сертификаттары табысталды.