Skip to content

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні педагогтердің спорттық туризм бағыты бойынша…

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні педагогтердің спорттық туризм бағыты бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін тәжірибе жүзінде арттыру мақсатында Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінде «Спорттық туризм» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Шеберлік сағатқа білім беру ұйымдарынан дене шынықтыру, география пәні мұғалімдері мен туризм-өлкетану үйірмелерінің жетекшілері қатысты. Педагогтер шеберлік сағат барысында туристік құралдар мен танысып, түрлі кедергілерден өту арқылы спорттық туризм бағытында білімдерін кәсіби жетілдірді.
Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Асқарұлы Нұрғиса «Құзға өрмелеу техникасы» бойынша, Ақтау қаласы, №13 гимназиясының дене шынықтыру  пәні мұғалімі Кемалов Бекбол «Белсенді туризм тактикасы» бойынша және №19 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру  пәні мұғалімі Сағатова Алтынай «Белсенді туризм техникасы» бойынша арнайы туристік кедергілерден өтіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Шеберлік сағатында өз іс-тәжірибесімен бөліскен және белсенді қатысқан педагогтерге сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *