Skip to content

Ағымдағы жылдың 9 – 14 шілде күндері аралығында білім алушылардың…

Ағымдағы жылдың 9 – 14 шілде күндері аралығында білім алушылардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану және танымдық білімдерін дамыту мақсатында 150 жылдық тарихы бар, көрікті Ақтөбе қаласына 3 күндік эксурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияға аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды оқушылар, (экологиялық және туристік – өлкетану бағытындағы республикалық, облыстық шаралардың жеңімпаздары) барлығы 45 оқушы қамтылды.
«Ақтау – Ақтөбе» экскурсиясы бағдарламасына сәйкес, Тұңғыш Президент саябағына, ойын – сауық алаңдарына, квест ойындарына, Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану және өңірлік мемлекеттік университетіне, «Руханият» мұражайларына саяхат жасады.
Мұражайға саяхат жасау арқылы тұлғаның үйлесімді дамуына, қалыптасуына зор ықпал тигізеді. Сонымен қатар, балаларды, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуге көмектесетіні сөзсіз.
Экскурсияның үшінші күні балаларға «Tree of life» Аква паркі мен «KERUENCITY» ойын – сауық орталығында мәдени – спорттық мерекелік шаралары өткізілді.
Экскурсия соңында білім алушылар және ата – аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *