Skip to content

«Ақтау – Алматы» бағыты бойынша 3 күндік танымдық саяхаты Білім…

«Ақтау – Алматы» бағыты бойынша
3 күндік танымдық саяхаты

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды оқушыларға қолдау көрсету, оларды өзге өңірлердің тарихи – мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, тарихымен таныстыру мақсатында 21-29 тамыз күндері аралығында Алматы қаласына 3 күндік танымдық саяхаты ұйымдастырылды.
Саяхатқа 13-16 жас аралығындағы 40 бала қамтылды. Балалар бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағын, «М. Горький атындағы орталық саябағын», «Мир фантазий» аттракциондар паркін, «Алматы зообағын», Д.Қонаев, Ә.Қастеев атындағы музейлерін аралады.
Сонымен қатар, «Дельфиндер» шоуын, «Медеу», «Шымбұлақ», «Көктөбе» телемұнарасына аспалы жол арқылы көтеріліп, әсем қала Алматының ерекше табиғатымен, көкжиекпен тұтасатын тауларының көрінісінен керемет әсер алып, көңілді оралды.

#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты
#экскурсия

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *