АҚТАУ- ТҮРКІСТАН ЭКСКУРСИЯСЫ
2025 жылдың 09 – 16 тамыз күндері аралығында облысымыздың балалары Ұлы дала төсіндегі киелі шахар, түркі әлемінің мәдени орталығы Түркістан қаласына 3 күндік танымдық саяхат жасап, тарих пен мәдениеттің алтын діңгегіне айналған өңірімен жақынырақ танысты.
Саяхат Түркістан – Арыстанбаб кесенесінен басталып, Ұлы Жібек жолының ірі орталығы болған көне Отырар қалашығында жалғасын тапты. Қожа Ахмет Ясауи мешіті мен кесенесіне зиярат етіп, тарихи орындардан рухани әсер алды. «Ұлы дала елі» музейі мен Түркістан тарихи музейінде бабалар тарихына үңіліп, құнды мағлұматтармен танысты.
Балалар тұңғыш Президент паркіне серуендеп, «Алтын Самрұқ» театрының қойылымдарын тамашалады.
Катамаранмен жағалауда саяхат жасап, «Ханшайым Плаза» мен кинотеатрда, «Aqua Land» су паркінде көңіл көтерді. Бұл саяхат балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, тарихқа, мәдениетке және туған елге деген қызығушылығын арттырды.