Астана күніне арналған облыстық
«Мерейлі мекен – Елордам» қашықтық интернет-байқауы
Ағымдағы жылдың 07 шілде күні Астана күніне орай білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, оларды танымдық қызығушылықтарға ынталандыру мақсатында облыстық «Мерейлі мекен – Елордам» қашықтық интернет байқауы өткізілді.
Шараға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жұмыстарын инстаграм желісінде орналастырып, барлығы 6 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Елбасы еңселеткен Елорда» фотоколлаж номинациясы бойынша:
І орын жеңімпазы – Маңғыстау ауданы, Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Амангелдин Дамир;
ІІ орын жеңімпаздары – Мұнайлы ауданы, №6 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Аманов Ильяс және Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ізтұрған Мұзтемір;
ІІІ орын жеңімпазы – Ақтау қаласы, №23 орта мектебінің оқушысы Орашбай Аяулым;
2. «Арман қала – Нұр-сұлтан» бейнероликтер номинациясы бойынша:
І орын жеңімпазы – Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 7 сынып оқушысы Қайыр Ақбота;
ІІІ орын жеңімпазы – Ақтау қаласы, №17 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Көшкінбай Айнұр.
#Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы #Облыстықбалаларменжасөспірімдер
#Туризмініңорталығы
#Оқушылар!
#Сіздердіжазғыдемалыскезінде
#Туристіксапарларкүтеді
#Демалысбалаларшығармашылығыәлемі
#қашықтықтаноқыту
#ҚРБҒМ
#МОНРК
#АСХАТАЙМАҒАМБЕТОВ
#РАИСАПЕТРОВНА
#ОблыстықБмЖТО
#Бізбіргеміз
#Берікіргеміз