Skip to content

«Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы» облыстық конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің…

«Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы» облыстық конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.05.2021 жылғы «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес, мұғалімдердің оқу демалыстары кезіндегі өткізетін білімдік-танымдық шараларының сапасын көтеру мақсатында «Балалар демалысын ұйымдастырудың үздік бағдарламасы» облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурс ережесінде мұғалімнің таңдау еркіне қарай авторлық бағдарламалар азаматтық-патриоттық, өлкетану, адамгершілік-рухани, отбасылық, экологиялық, тарихи-мәдени, ғылыми-техникалық, спорттық, көркем-эстетикалық, еріктілік, тарихи-өлкетану, ғылыми-эстетикалық, патриоттық бағыттары бойынша ұсынылды. ​​​​​​​
Әр аудан, қаладан конкурста барлығы 22 қатысушының 17 жұмысы (оның 15-і жеке, 2-і топтық) қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттауларға ҰСЫНДЫ:
I орын – А. Тулепова, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІ орын – А. Махсотова, Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
II орын – С. Сатаева, Маңғыстау ауданы, Т.Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын – К. Таласова, Мұнайлы ауданы, №1 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Р. Тәжиев, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Г. Мысамбаева, С. Епенова, Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *