Skip to content

«Балалар жылы» аясында жазғы оқу демалысы кезінде балалардың сауықтыру демалысын…

«Балалар жылы» аясында жазғы оқу демалысы кезінде балалардың сауықтыру демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шілде айының 7 – 9 күндері аралығында Қарақия ауданы, Құрық ауылының «Абай» демалыс базасында 3 күндік туристік – шатырлы лагердің бірінші ауысымы өткізілуде. Шатырлы лагерьге Бейнеу, Түпқараған аудандарының 60 білім алушылары қамтылуда.
Шатырлы лагерь барысында балалар өртке қарсы сақтық қауіпсіздік және лагерьде жүріп-тұру ережелерін, табиғатты қорғау, картамен жұмыс істеу, кедергілермен шатыр орнату, от жағу, бірінші дәрежелі көмек көрсету, шыдамдылық және еңбекқорлық, өзара көмектесу, топта жұмыс істей алу, төтенше жағдайларда өз-өзіне қызмет көрсету және өмір сүру дағдыларын жүзеге асыру мақсатында біліктілік дағдыларын игеруде.
Сонымен қатар туризм әліпбиімен (шатыр құру, алау түрлерімен) танысып, ұлттық, спорттық эстафеталық ойындар ойнап, алау жанында бард әндері шырқалды.
#Балажылы2022
#Жаздыңбіркүні
#Туризмөлкетанубөлімі
#шатырлылагерь2022

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *