Skip to content

Білім алушыларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға белсене қатыстыру, экологиялық…

Білім алушыларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға белсене қатыстыру, экологиялық жобаларға тарту арқылы өзекті мәселелерге назарларын аудару мақсатында 2022 жылы 30 маусым күні: «ТазаLike» «Қырағы көз» «Әдемі қалдық» айдарында «Эко Марш» облыстық акциясы қашықтықтан өткізілді. Білім беру ұйымдары ұйымдастырған акцияға 4735 оқушы қамтылды, Бейнеу және Мұнайлы аудандарында акция ұйымдастырылмаған.
«ТазаLike» айдарына 4617 оқушы қатысып, қоршаған ортаның ластануының алдын алуда мектеп аулаларына, тарихи-мәдени нысандарға, тұрғылықты мекендерге, теңіз жағалауына, «Есмамбет қожа» қорымына, «Қызылсу» қорымына және басқа да орындарға тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Қырағы көз» айдарына 34 оқушы қатысып, шашылған қоқыстар, теңіз жағасына тасталған қалдықтар, демалыс орындарындағы тазалықты сақтамау сияқты Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары оқушылары түсірген фотоматериалдарын жолдады.
«Әдемі қалдық» айдарына 84 оқушы қатысып пайдаланылған тұрмыстық зат қалдықтарынан түрлі бұйымдар жасаған бейнематериалдарын ұсынды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, ұсынады:
«ТазаLike» айдары бойынша;
I орын – Түпқараған ауданы, С. Шапағатов атындағы мектеп– гимназиясы;
«Қырағы көз» айдары бойынша;
II орын – Қарақия ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі;
«Әдемі қалдық» айдары бойынша;
II орын –Жаңаөзен қаласы, №7 жалпы білім беретін мектептебі;
III орын – Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі;
#Балажылы2022
#Экологиялықбиологиялықбағыты
#Жаздыңбіркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *