Білім алушылардың арасындағы
«Табиғат детективтері» облыстық эко-квесттер конкурсы
Ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйек күндері аралығында қоғамдағы экологиялық мәселелерге жас ұрпақтың назарын аудару, туристік қызметке қызығушылықты ояту және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында Маңғыстау ауданы, Онды ауылында «Табиғат детективтері» облыстық эко-квест конкурсы өткізілді. Эко квест конкурсына аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының 42 білім алушылары қатысты. Білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында, қасиетті жерлері мен шежірелі тарихына бай Маңғыстау өлкесінің әсем жерлерінің бірі «Ағашты» бұлағына саяхат ұйымдастырылды.
Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылар«Классикалық квест», «Перфоменсті-хоррор квест», «Жанды квест», «Экшн квест», «Морфеус квест» номинациялары бойынша сынға түсті.
Екі күнге созылған байқау жұмыстарын қорытындылай келе қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар:
I орын – Маңғыстау ауданының “Жалын” тобына;
IІ орын – Бейнеу ауданының “Талапты жастар” тобына;
ІІ орын – Мұнайлы ауданының “Эверест” тобына;
III орын – Ақтау қаласының “Jana talap” тобына;
III орын – Түпқараған ауданының “Ecoleaders” тобына табысталды.
Барлық жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!