Білім алушылардың шатырлы лагерінің төртінші ауысымы
12 – 14 тамыз күндері өткізілген шатырлы лагерьге Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарының 82 оқушысы қамтылып, Маңғыстаудың таңғажайып жерлерінің бірі, жұмбаққа толы «Торыш» тасты шарлар алқабына саяхаттады. Демалушылар үшін бағдарламаға сәйкес, түрлі спорттық шаралар, эстафеталық ойындар және табиғатты қорғауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Таза жағалау» тазалық акциясы өткізілді.
Төртінші ауысымға қатысушылар арасынан өз өнерімен, мықтылығымен көзге түскен «Алаш», «Шерқала, «Тамшалы»,«Отпан тау», «Маңғыстау» топтарының оқушылары шараларға белсене қатысып, марапатталды. Балалардың табиғатпен экологиялық қарым-қатынасын нығайту бағытында ұйымдастырылған 2024 жылғы шатырлы лагерьдің жұмысы өз мәресіне жетті.
