Білім алушылардың шатырлы лагерінің үшінші ауысымы
Ағымдағы жылдың 08 – 10 тамыз күндері аралығында балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылып жатырған шатырлы лагердің үшінші ауысымы «Мен жерімді сүйемін» тақырыбымен өз жұмысын бастады. Үшінші ауысымға Ақтау қаласы, Бейнеу, Мұнайлы аудандарынан 96 білім алушы қамтылды.
Бағдарламаға сәйкес, топтық «Ecotime», «Табиғат элементтері» экоквест ойындары, тұрмыстық қатты қалдықтардан жасалған «Ecofashion» сән көрмесі ұйымдастырылып, демалушылар түрлі ұлттық спорттық шараларға белсене ат салысты.
Жағажайда «Таза жағалау» акциясы жүргізіліп, «Ақеспе» шатқалына танымдық саяхаты ұйымдастырылды.
