Skip to content

Білім алушылардың туристік шатырлы лагерінің 1-ші ауысымы Білім басқармасының 2024…

Білім алушылардың туристік шатырлы лагерінің 1-ші ауысымы

Білім басқармасының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану және танымдық білімдерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 01 – 14.08.24ж Ақтау қаласы, «Балдәурен» базасының теңіз жағалауында 3 күндік шатырлы лагерь 4 ауысыммен ұйымдастырылады.
Оқушыларды лагерьге Ақтау қаласы, Шығыс-2 шағын ауданы, «Анвар» супермаркеті жанынан сағат 08.00-де автобустар алып жүреді.
Теңіз жағалауына киіз үй үлгісінде алты шатыр тігіліп, бес мезгіл тамақ ұйымдастырылады, теңізге шомылу, қыздырыну үрдістері жүргізіледі. Әр ауысымда он екі тәрбиеші, балалардың денсаулығына жауапты медбике, туризм бойынша нұсқаушы маман, судан құтқарушы және музыкант жұмыс жасайды.
Лагерьге дарынды оқушылар, экологиялық және туристік – өлкетану бағытындағы республикалық, облыстық шаралардың жеңімпаздары, әлеуметтік қолдауға жататын отбасы балаларынан, барлығы 400 оқушы қамтылады.
Лагерь бағдарламасына сәйкес, балалар өрттен, судан сақтану қауіпсіздік ережелерімен, картамен жұмыс жасау, кедергілерден өту, шатыр тігу, алау жағу, төтенше жағдайларда өз – өзіне қызмет көрсету дағдыларын үйренеді.
Ағымдағы жылдың 01-03 тамыз күндері 3 күндік шатырлы лагерьдің бірінші ауысымы өтуде.
Лагерьге Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданынан 80 бала келді.
Балалар кешкі алау жанында танысып, би кеші ұйымдастырылды. Әр топ танысу рәсімін өткізіп, суға шомылды. Лагерь барысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы жүргізіліп, жағалауға тазалық жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, түрлі танымдық, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Балалар лагерьдің үшінші күні Қазақстанның ең терең ойпатында орналасқан таңғажайып табиғаттың ерекше туындысы лабиринттер мен аркалардың әлеміне айналған «Ыбықты-Сай» шатқалына саяхатқа шықты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *