Skip to content

Білім алушылардың туристік – спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты…

Білім алушылардың туристік – спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 26 қараша күні білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Climbing» облыстық көпсайысы өткізілді.
Сайысқа аудан/қаладан 20 білім алушы қамтылды. Ережеге сәйкес «Жылдамдық», «Альпинист», «Траверс», «Жумаринг», «Түйін байлау» айналымдары бойынша шапшаңдық пен жылдамдықты алға тартып, түрлі кедергілерден өту арқылы сайысқа түсті.
Қатысушылар қазылар алқасының шешімімен төмендегідей марапаттарға ҰСЫНЫЛДЫ:
I орын – Маңғыстау ауданы, «Биіктік» тобына;
II орын – Ақтау қаласы, «Отпан» тобына;
II орын – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр» тобына;
III орын – Бейнеу ауданы, «Отпан» тобына;
III орын – Қарақия ауданы, «Тұран» тобына білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *