Білім басқармасының «1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балаларды махаббатпен қорғайық» атты республикалық акциясын өткізу шеңберіндегі «Алтын балалық шақ» декадасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, балаларды әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалар біздің болашағымыз» тақырыбында облыстық викториналық ойыны «ZOOM» платформасында қашықтықтан ұйымдастырылды.
Білім алушыларға бала құқығы, жол қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға арналған сәйкесін табу,ребус шешу, психологиялық логикалық жылдамдық сұрақтарына жауап беріп, ұяшықтағы тақырыптық фото және видео тапсырмаларды орындады.
Викториналық ойынының қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен мараппатталып, жазғы шатырлы лагерьге жолдама алды.
