Білім басқармасының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10-22 шілде күндері Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағажайында білім алушылардың демалысын тиімді, сапалы ұйымдастыру мақсатында «Шатырлы лагерь-2023» туристік лагері 4 ауысыммен ұйымдастырылатындығын хабарлайды. Шатырлы лагерьде аз қамтылған, көп балалы және дарынды оқушылар қамтылатын болады.
