Skip to content

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 16-17…

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 16-17 қараша күндері педагогтердің экскурсиялық жұмыстарға және туристік қызметке қызығушылықтарын ояту, ақпараттық-коммуникативтік және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 7 аудан, қаладан 42 педагог қатысты. «Тарихи-мәдени орындарға виртуалды экскурсия», «Экологиялық маршрут», «Спорттық маршрут» номинациялары Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы 20 жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылып,
бейнеролик жұмыстары қаралды. “Туристік-өлкетану экскурсиясы” номинациясында Маңғыстау ауданының аумағындағы “Шерқала”, “Айрақты” тауларына, “Ақмыш”, “Самал” сайларына, “Отпан тау” тарихи-мәдени кешеніне жүрмелі түрде жанды экскурсиялар жүргізілді. Педагогтер тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, гид экскурсовод ретінде аталған нысандардың тарихын баяндады.
Екі күнге созылған байқау жұмыстарын қорытындылай келе қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар:
I орын – Түпқараған ауданының “Shar Like” тобына;
IІ орын – Мұнайлы ауданының “Geo Histremal” тобына;
ІІ орын – Жаңаөзен қаласының “Азимут” тобына;
III орын – Ақтау қаласының “Дала қырандары” тобына;
III орын – Маңғыстау ауданының “Киелі табиғат” тобына табысталды.
Барлық жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *