Skip to content

Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы ашық далалық «Жас геолог»…

Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы ашық далалық «Жас геолог» облыстық жарысы

🏕Облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 4-5 қараша күндері Маңғыстау ауданы, Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты базасында білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы ашық далалық «Жас геолог» облыстық жарысы өткізілді.​​​
📌Мақсаты: оқушыларға туған өлкесінің табиғат пен минералдық байлықтарын таныту, геологиялық білім-танымдарын арттыру. ​​​Облыстық жарысқа білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларынан құралған 5 топ (40 білім алушы) қатысты.​​​​​
📌Ережеге сәйкес қатысушылар жарыстың бірінші күні «Минерология және петрография», «Палеонтология» номинацияларында тау жыныстарымен, минералдармен жұмыс жасап, Маңғыстау өлкесінен табылған қазба байлықтардың сипаттамасын анықтады. Сонымен қатар, «Далалық тұрақты ұйымдастыру» номинациясында туристік шатырларды жылдам әрі дұрыс құру, алау түрлерінің атауларына байланысты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіріп, тәжірибе жүзінде жағу жолдарын көрсетті.​
📌Екінші күні «Гидрология» номинациясы кезінде қатысушылар Тұщыбек жеріндегі «Қайнар» ағын суында геологиялық бақылаулар жүргізіп, су ағысының жылдамдығын, шығынын өлшесе, «Қауіпсіздік техника негіздері» номинациясында алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, геологиялық барлау жұмыстары барысындағы қауіпсіздік қағидаларының негіздерін игеру деңгейлерін көрсетті. ​​​
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
💠«Минерология және петрография» номинациясы:
🥇І орын – А. Қылычмұрадов, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 8 сынып оқушысы;
🥈ІІ орын – Б. Жеменей, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
🥉ІІІ орын – К. Бисенова, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы;
🏅IV орын – Б. Леонидов, Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы;
🏅IV орын – Н. Нұрасыл, Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы;
💠«Палеонтология» номинациясы:
🥇І орын – Ә. Сәрсенбай, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы;

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *