Skip to content

Білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы  …

Білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы
«Үздік экскурсовод» облыстық байқауы
 
         Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 16-17 қазан күндері аралығында Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектеп базасындапедагогтердің ақпараттық-коммуникативтік және танымдық қабілеттерін дамыту, экскурсиялық жұмысқа және туристік қызметке қызығушылықты ояту мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өткізілді.
        Байқауға «Тарихи-мәдени орындарға виртуалды экскурсия», «Экологиялық маршрут», «Спорттық маршрут» номинациялары бойынша білім беру ұйымдарынан 36 педагог қатысты.
          «Туристік-өлкетану экскурсиясы»номинациясы бойынша «Ақтау – Қызыл өзен – Форт-Шевченко», «Ақтау –Таушық» бағыттарында орналасқан «Саура», «Форт – Шевченко», «Торыш» тасты шарлар алқабы, «Ақеспе» шатқалы, «Шақпақ Ата», «Сұлтан Үпі» тарихи-мәдени кешендерінежүрмелі түрде жанды экскурсиялар жүргізілді.
             Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегі номинациялар бойынша ҰСЫНЫЛДЫ:
1. “Туристік-өлкетану экскурсиясы»номинациясы бойынша:
I орын – Түпқараған ауданы «Көкжиек» тобы;
II орын – Мұнайлы ауданы «Blue Sky» тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы «Otpan towers» тобы;
III орын – Жаңаөзен қаласы «Ұлы дала» тобы;
III орын – Ақтау қаласы «Ұлы дала жолдары» тобы;
2. «Экологиялық маршрут» номинациясы бойынша:
II орын – Ақтау қаласы «Ұлы дала жолдары» тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы «Otpan towers» тобы;
III орын – Мұнайлы ауданы «Эверест» тобы;
III орын – Түпқараған ауданы «Көкжиек» тобы;
3. «Спорттық маршрут» номинациясы бойынша
I орын – Түпқараған ауданы «Көкжиек» тобы;
II орын – Ақтау қаласы «Ұлы дала жолдары» тобы;
II орын – Мұнайлы ауданы «Эверест» тобы;
III орын – Қарақия ауданы «Мұнай тамшылары» тобы;
III орын – Маңғыстау ауданы «Otpan towers» тобына білім басқармасының дипломдары мен қаржылай сыйлықтары табысталды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!💐

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *