Білім беру ұйымдарының туризм, экология және өлкетану үйірмелерінің жетекшілері арасында облыстық «Мектеп үйірмесі – 2021» байқауы
📚Орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, 24 қараша күні Ақтау қаласы, №19 жалпы білім беретін мектебі базасында білім беру ұйымдарының туризм, экология және өлкетану үйірмелері жетекшілерінің арасында «Мектеп үйірмесі – 2021» облыстық байқауы өткізілді.
📚Байқаудың мақсаты: жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы туризм, экология және өлкетану үйірмелері жетекшілерінің білімдік – танымдық біліктілігін арттыру, озат іс-тәжірибелерін тарату, тәжірибе алмасу;
Байқауға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың 19 үйірме жетекшісі қатысты.
📚Қатысушылар ережеге сәйкес «Таныстырылым», «Үйірме сабағының бейнеролигі», «Үйірме жұмыстарының портфолиосы» номинациялары бойынша жүргізілген үйірме жұмыстарын қорғады.
📚Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
🏞«Экология» үйірмесі бойынша:
🥇І орын – Қожахметова Нұржамал Серікқызы, Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;
🥈ІІ орын – Абдыров Сергей, Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;
🥈ІІ орын – Марченко Неля Ивановна, Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығының үйірме жетекшісі;
🥉ІІІ орын – Аманғалиева Мирамгүл Жаңбырбекқызы, Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының үйірме жетекшісі;
🥉ІІІ орын – Оңғарбаева Гүлбану Серікбайқызы, Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының үйірме жетекшісі;
🏅ІV орын – Оразғалиева Жамила Исламғалиқызы, Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;
🏅ІV орын – Сағызбаева Үмітжан Тынымбайқызы, Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі.
🏕 «Туризм» үйірмесі бойынша:
🥈ІІ орын – Боранова Алмагүл Махмұтқызы, Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің үйірме жетекшісі;
🥈ІІ орын – Жөнелбекова Нұргүл Құбайдуллақызы, Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің үйірме жетекшісі;