ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында облыстың білім беру ұйымдары арасында «Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияда абаттандыру, тазалық және ата-аналар арасында экологиялық сауаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Акция барысында түсірілген бейнероликтердің облыстық байқауы өткізіліп, жүлделі І орынды – Ақтау қаласы Т.Әшімбаев атындағы №11 лицейі; ІІ орынды – Қарақия ауданы, Қарақұдық ЖББМ; ІІІ орынды – Жаңаөзен қаласы №20 ЖББМ ұжымдары иеленді. Жеңімпаздар орталықтың дипломдарымен және қаржылай марапатталды.





