Бүгін 03-04 маусым күндері аралығында «Ақмыш-сай» демалыс орнында Мұнайлы ауданының білім алушыларына арналған алғаш рет ұйымдастырылып отырған 2 күндік туристік шатырлы лагерьдiң ашылу салтанаты өткізілді. Қатысушылар шатырлы лагерьдiң бағдарламасымен және қауіпсіздік ережелерімен жіті таныстырылды. Шатырлы лагерьге барлығы 45 бала камтылды. Балалар «Шерқала», «Айрақты», «Самал» шатқалын аралап, туристік-спорттық ойындарға қатысып, кешке алау жанында бард әндерін орындайтын болады.
