Skip to content

Бүгін, 16 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орта білім…

Бүгін, 16 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қазіргі заманғы білім» тақырыбында форум өтті.
Форумға облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К. Шәмшидинова, қалалар мен аудандардың әкімдерінің орынбасарлары, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының бас директоры Р. Кенжеханұлы, облыстық маслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, бизнес саласы, әлеуметтік серіктестік, БАҚ, ҮЕҰ өкілдері, т.б. қатысты.
Форум барысында Күләш Ноғатайқызы Маңғыстау облысының орта білім беру жүйесі туралы баяндап, ұсыныстар айтты.
– Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі халықаралық деңгейде мойындалған. Біздің мақсатымыз – білім деңгейін көтеріп, осы саладағы бәсекелестікті арттыру. Сондықтан өңірдің мамандарымен бірлесіп, Маңғыстау облысындағы білім саласын дамытуға арналған жол картасын жүзеге асыру жоспарланды,- деді Күләш Шамшидинова.

Білім баласының дамуына қосқан үлесі үшін ұстаздар Елбасы төсбелгісімен марапатталды.

Форум соңында Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мен басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова 2021-2022 жылдарына арналған «Маңғыстау облысының білім саласын дамытуға арналған Жол картасы» жобасына қол қойды.

Жол картасы аясында 2 жыл бойы 5 бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі.

#QAZAQSTAN30
#ҚАЗАҚСТАН30

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *