Чернобыль АЭС-дағы ядролық апаттың 35 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығы аясында өткізілген «Балалар ядролық қарусыз болашақ үшін» экологиялық акциясы
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатқа 35 жыл және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өтуіне байланысты облыстың жалпы білім беру және бағынысты білім беру ұйымдарында «Балалар ядролық қарусыз болашақ үшін» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы тарапынан облыстағы жалпы және бағынысты білім беру ұйымдарына «Экологиялық балалар газеті» (БАҚ бетіне жарияланған мақалалар, плакаттар, интернет-газеттер), «Экологиялық ойыншықтар» (экологиялық таза өнімнен жасалған жұмыстар ағаш, мата, мақта және т.б.) және «Антиатомды карнавал» (костюмдер шеруі, сәндік қойылымдар), «Атомдық зұлымдық» және «Таза табиғат» тақырыптарында қызықты шоу, акция, дебаттар өткізу ұсынылды. Осыған орай, жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары 15-20 сәуір күндері «Сохрани Землю, на которой живёшь!» тақырыбында қабырға газеттерін дайындады. Аталған іс-шаралар жүзеге асырылып, оқушылардың барлығы дерлік атсалысты. Сонымен қатар, «Чернобыль – XX ғасырдың қасіреті» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты – Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, адамзат алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін көрсету. «Чернобыль жаңғырығы», «Атом жарылысының зардабы», «Қасіретке айналған алапат жарылыс» бөлімдерінен тұратын кітап көрмесіне апатты залалсыздандыруға 32 мың қазақстандық жауынгер тартылғаны, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері жөнінде кітаптар мен баспасөз бетіне жарияланған мақалалар қойылды. Жалғасы ⬇️⬇️⬇️