Skip to content

«Экоэрудит» облыстық байқауы Жастардың адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа деген…

«Экоэрудит» облыстық байқауы

Жастардың адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасын бейнелейтін азаматтық бағдар қалыптастыру және табиғат байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға үлес қосу мақсатында 2023 жылдың 5 сәуір күні «Экоэрудит» облыстық байқауы өткізілді.
Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 20 білім алушы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Өлкетану мүйістері» номинациясы бойынша теріні өңдеу әдісі арқылы құстардың, қарақұлақтың, қозының, көгершіннің және қызыл кітапқа енген аң-құстардың тұлыптарының жасалу жолдары және әдіс-тәсілдерімен шебер бөлісті.
«Біз экологияны қолдаймыз» ғылыми жоба номинациясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинау арқылы «Smart жәшік» жобасын, гидрапоника тәсілімен «Бір тұқым – бір өмір» экологиялық жобасы аясында үй жағдайында аскөк тұқымдардын өсірудің тиімді әдісін анықтап, құнарлы азық ретінде қолдануға болатындығын ұсынды.
Байқауға қатысушылар зертханалық сабақ барысындағы аң-құстардың тұлыптарын жасауға, табиғатты аялауға, табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдалануға, экологиялық идеялар мен технологияларды қолдана білуге, пайдаланылған тұрмыстық қатты қалдық заттарына екінші өмір сыйлау дағдыларын дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.
Жалғасы төменде👇

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *