Skip to content

«ЭКОЛОГИЯ- ЕЛ ТАҒДЫРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТЫ

«ЭКОЛОГИЯ- ЕЛ ТАҒДЫРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТЫ

Ағымдағы жылдың 20 қараша күні өскелең ұрпақтың бойында Патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру, туған өлке мен елдің экологиялық мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тербиелеу, экологиялық білім беруді насихаттау және қолдау, пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында Ақтау қаласы, «Shamshyraq high school» мектебінде «Экология- ел тағдыры» облыстық дебаты өткізілді. Дебатқа аудан/қала бойынша жалпы білім беру ұйымдарынан 16 оқушы қатысты.

Дебат ережеге сәйкес екі айналыммен жүргізілді. Бірінші айналым- іріктеу кезеңі. Іріктеу кезеңі келесі қарарлар бойынша анықталды: «Экологиялық сауаттылықты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізу», «Жануарларға жасалатын ғылыми және медициналық тәжірибелерге тыйым салу», «Адамзат ресурстарын ғарышты зерттеуге емес, мұхиттарды қорғауға бағыттау». Екінші айналымда «Тұрақты болашаққа жету үшін ядролық энергетиканы дамытуды қолдау», «Қазақстанда пластик бөтелке мен ыдысқа депозиттік жүйе енгізуді қолдау» тақырыптары қозғалды. Қатысушылар аталған тақырыптарды жан-жақты қарастыра отырып, шешендік, зерттеу, шығармашылық дағдыларын шыңдап, сыни ойлау мен пікірталас мәдениетін дамытты.

Дебат қорытындысы бойынша:
I орын- Жаңаөзен қаласы, №9 ЖББМ, Джадрасын Диас, Камалбаева Арай;
II орын- Мұнайлы ауданы, №9 ЖББМ, Өзбекбай Құралай, Замирова Аружан;
III орын- Бейнеу ауданы, Күйкен ЖББМ, Жақсыгелдиева Нұршаттық, Тоқсанбаева Айнұр.

Дебат жеңімпаздары орталықтың І, ІІ, ІІІ, дәрежелі дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *