«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1-сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес «Экологиялық құқықтық мәдениет» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық нормаларды терең түсінуіне жағдай жасау, экологиялық құқықтық сананы дамыту, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық жауапкершілікті насихаттау және қоғамның тұрақты дамуына үлес қоса алатын экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға жалпы 100-ге жуық білім алушылар қамтылды. Семинар барысында келесі баяндамалар ұсынылды:
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Н .Қ.Нәдірбекұлы «Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өлкенің қоршаған ортасын қорғау жұмыстары»; ҮҰЕ «Эко Маңғыстау» директоры О.К .Владимирович
«Экологическая правовая культура граждан: права,обязонности и отвественность в сфере охраны окружащей среды»; Орталықтың экологиялық-биологиялық бөлімнің жетекшісі Д. Нұрболатұлы «Экологиялық құқықтық мәдениет»; Ақтау қаласы №13 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі М. Б.Мұстахиевна «Экологиялық ұлттық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы EcoSen жобасы» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Семинар қорытындысында білім алушылардың экологиялық құқықтық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрақты даму құндылықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар ұсынылды.








