Skip to content

«ЭКОСЫНЫП САҒАТЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ДЕСАНТ САБАҚТАРЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

«ЭКОСЫНЫП САҒАТЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ
ОБЛЫСТЫҚ ДЕСАНТ САБАҚТАРЫ КОНКУРСЫ

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Ақтау қаласы, №33 ЖББМ базасында ҚР Үкіметінің «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, экологиялық бағыттағы заманауи оқыту әдістерін насихаттау және мектептерде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Экосынып сағаты» облыстық десант сабақтары конкурсы өткізілді.

Іс-шара сондай-ақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, тәжірибе алмасуға жағдай жасауға, оқушылардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыратын мазмұнды сабақ үлгілерін ұсынуға бағытталды.
Конкурсқа аудан/қала бойынша жалпы білім беру ұйымдарынан 7 педагог қатысты.

Конкурс барысында педагогтер 9–11 сыныптар арасында экологиялық тақырыптағы ашық сабақтар өткізіп, табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздік, қайта өңдеу мәдениеті, тұрақты даму және қоршаған ортаның өзекті мәселелерін қамтыған мазмұнды жұмыстарын таныстырды. Ашық сабақтар барысында инновациялық педагогикалық технологиялар, цифрлық ресурстар, интерактивті тапсырмалар және көрнекі материалдар кеңінен қолданылды.

Педагогтерді бағалау креативті әдістерді пайдалану қабілетіне, сабақтың құрылымы мен логикасына, көрнекіліктерді тиімді қолдануына, оқушылармен қарым-қатынас деңгейіне, ғылыми-әдістемелік негізділігіне және тақырыпты аша білу шеберлігіне сүйене отырып жүргізілді.

Конкурс нәтижесінде педагогтер төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
I орын – Ақтау қаласы, Облыстық мамандандырылған мектеп интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Курманова Индира;
II орын – Жаңаөзен қаласы, №7 ЖББМ география пәні мұғалімі Қонакбаева Алтынай;
III орын – Ақтау қаласы, №30 ЖББМ география пәні мұғалімі Тұрлыманова Сымбат;
III орын – Маңғыстау ауданы, Жармыш ЖББМ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Издибаева Асия.
Жеңімпаз педагогтер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Конкурс педагогтердің кәсіби дамуына, экологиялық білім беру сапасын арттыруға және оқу үдерісінде экологиялық мәдениетті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *