«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар кеңес
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «ZOOM» платформасы арқылы экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру, оқушыларды туған жер табиғатын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сүюге, қорғауға үйрету мақсатында «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар кеңесін өткізді.
Семинар кеңеске экология-биология саласы бойынша жетекші мамандар және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беру ұйымдарының жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты. Барлығы – 70 қатысушы.
Кеңеске қатысқан аудандық, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, мектептердің туризм үйірмелерінің жетекшілері, «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің, «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Жасыл әлем» ЖШС басшылары, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау ауданының бірнеше мектеп директорлары жалпы білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру және ерекше қорғалатын аймақтарда экотуризмді ұйымдастыру мен дамыту туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, тақырыптарында жобалар таныстырылды.
Қатысушы педагогтер семинар кеңес соңында экотуризм саласының белсенді дамуына бірге атсалысатынын білдіріп, өз пікірлерін жолдады.