Skip to content

«GEN-17: ТАБИҒАТ ДЕТЕКТИВТЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКО-КВЕСТТЕР КОНКУРСЫ

🌍«GEN-17: ТАБИҒАТ ДЕТЕКТИВТЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКО-КВЕСТТЕР КОНКУРСЫ

Ағымдағы жылдың 5-6 қараша күндері білім алушылар арасында «Табиғат детективтері» облыстық эко-квесттер конкурсы Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы, №7 ЖББМ және орталық саябағында өткізілуде. Конкурсқа барлығы 8 топтан 40 оқушы қатысуда.

Конкурстың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың қоғамдағы экологиялық мәселелерге назарын аудару, туристік қызметке қызығушылықтарын ояту және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Облыстық эко-квесттер конкурсының ережесіне сәйкес, «Классикалық квест», «Морфеус квесті», «Экшн квест» атты номинациялары бойынша қатысушылар табиғатты зерттеу мен қорғау тақырыптарында тапсырмалар орындап, логикалық және практикалық қабілеттерін сынауда. Әр команда экологиялық білімі мен тапқырлықтарын көрсетіп, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде дәлелдеуде.

«Табиғат детективтері» эко-квесті «Жанды квест» номинациясы бойынша 6 қарашада өз жалғасын табады. Конкурс соңында жеңімпаздар мен үздік командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталып, бұдан әрі экологиялық бағыттағы үздік идеялар мен жұмыстар облыстық деңгейде қолдау табатын болады.
#GEN17
#EurasianBank
#РУМЦДО
#ЕркіндікРухы
#ЭкоДипломатия
#ЖастарБолашақҮшін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *