География пәні мұғалімдерінің «Далалық зерттеу жұмыстары» облыстық байқауы
Білім басқармасының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 30 қазан күні география пәні мұғалімдерінің арасында «Далалық зерттеу жұмыстары» облыстық байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарынан 5 топ, яғни 15 мұғалім қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Геологиялық маршрут», «Геологиялық кесік», «Палеонтология», «Минералогия және петрография», «Радиометрия», «Гидрология», «Геологиялық ескерткіштерге сипаттама беру» номинациялары бойынша бейнематериалдарын жолдап, барлығы 35 жұмыс қаралды.
Қатысушы командалар Маңғыстаудың көрікті жерлеріне барып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, геологиялық ескерткіштерге ерекше сипаттама беріп өткен. Геологиялық өлкетану бағыты бойынша оқушыларға білім беруде байқауға қатысушы педагогтар өздерінің кәсіби маман ретінде шеберліктерін ортаға салды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын жеңімпазы – Жаңаөзен қаласы – №21 орта мектебінің «Азимут» құрамасы;
ІІ орын жеңімпазы – Мұнайлы ауданы – №15 орта мектебінің «Кайназой» құрамасы;
ІІ орын жеңімпазы – Ақтау қаласы – Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 орта мектебінің «Сапфир» құрамасы;
ІІІ орын жеңімпазы – Түпқараған ауданы – Ақшұқыр мектеп лицейінің «Сарытаған» құрамасы;
ІV орын жеңімпазы – Бейнеу ауданы – Сам орта мектебінің «Болашақ» құрамасы.