Skip to content

«Гүлдене бер Қазақстан!» атты VI Республикалық туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурс…

«Гүлдене бер Қазақстан!» атты VI Республикалық туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурс қорытындысы

Қазақ спорт және туризм академиясы мен Ш.Уәлиханов атындағы Туризм академиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, а.ж. 6 мамыр күні «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты VI Республикалық туристік – өлкетану – экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсын қашықтықтан ұйымдастырды.
Конкурсқа Қазақстанның әр өңірінен туризм, экология, өлкетану бағыттарында жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары ат салысып, Маңғыстау облысының атынан 38 білім алушы белсенді қатысты.
Конкурс «Тарихи өлкетану. Туған өлкенің жылнамасы. Әдеби өлкетану. Топонимика», «Жас экскурсовод», «Туризм – бұл біз. Экологиялық өлкетану» номинациялары бойынша өткізіліп, 4 қатысушы төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Жас экскурсовод» номинациясы бойынша:
І орын – Ияжанов Исламбек, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІІ орын – Күбірбай Гүлдәрі, Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Серік Салтанат, Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Туризм – бұл біз. Экологиялық өлкетану» номинациясы бойынша:
ІІІ орын – Сырым Фатима, Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
Сонымен қатар, жеңімпаздарымыз Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге арналған 3 жыл ішінде жарамды 75% (І орын), 50% (ІІ орын), 25% (ІІІ орын) жеңілдіктеріне ие болды.
Жүлдегер атанған жеңімпаздар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *