📣📣📣ХАБАРЛАНДЫРУ📣📣📣
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының өткізу уақыты өзгергендігін хабарлаймыз!
Өтетін уақыты: 2024 жылы 23 сәуір, сағат 10:00
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Облыстық «Оқушылар сарайы» базасы.
Мақсаты: Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.
Қатысушылар: Форумға облыстың жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады (63 білім алушы).
СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары): Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының директоры.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экология – биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8 (778) 955-29-95, ocdt-2017@mail.ru.