Skip to content

Халықаралық әкелер күніне арналған «СУПЕР ӘКЕ» облыстық қашықтық интернет-байқауы Қазақстан…

Халықаралық әкелер күніне арналған
«СУПЕР ӘКЕ» облыстық қашықтық интернет-байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 21 маусым – Халықаралық әкелер күніне орай оқушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін ұғындыру, әкеге деген сый – құрметті арттыру, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты жеткізу мақсатында облыстық «СУПЕР ӘКЕ» интернет-байқауы қашықтықтан өткізілді.
Облыстық ережеге сәйкес, қатысушылар инстаграм желісінде өз аккаунттарында әке мен баланың керемет өткен бір күнін бейнелейтін бейнероликтерін @ocdt_01_2019 және #суперәке хэштегін белгілеу арқылы жүктеді.
Байқау жұмысына әр аудан, қаладан 21 бейнеролик ұсынылды. Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттауларға ҰСЫНДЫ:
І орын – Сисенбай Іңкәр, Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы;
ІІ орын – Ерсайын Нұрасыл, Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы және Бақытқали Берікқали, Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жетесінұлы Жүрсін, Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы және Ноғаев Адиет, Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
IV орын – Сардарбек Махамбет, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы және Болат Даулет, Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының дипломдарымен марапатталды.
#Qazaqstan30
#Қазақстан30

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *