Skip to content

Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы XXV республикалық «Еуропа…

Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы XXV республикалық «Еуропа – Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі

🏕13-14 сәуір күндері Түпқараған ауданы, Таушық ауылында педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік – өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім қызметкерлері арасында XXV республикалық «Еуропа – Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.
Фестивальге жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 80 педагогы қатысты.
🏕♻️📗Фестивальдің теориялық кезеңінде «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалалары, «Жорық есебі», «Менің кіші Отаным» туристік жорықтар аясындағы бейнеролик материалдары, «Туризмнен онлайн сабақ» номинациялары бойынша жүргізген іздеу-зерттеу жұмыстары, жобалары, жорық картасы, күнделігі ұсынылса, «Туристік тұрмыс және дағды» барысында шатырлар құрып, бивуак орналастырылды.
🎸🎙🎶«Бард әндері» кезеңінде Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Бозжыра» тобы М.Мақатаевтың «Күн қайда асығады?» әнін гитара аспабының сүйемелдеуімен әсерлі шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
🎯🧗‍♂️👷‍♂️Практикалық кезеңде «Жеке», «Өткелдер», «Техникалық» қашықтықтары бойынша маршруттық парақта берілген «Аспалды өткел», «Қаз-қатар қадамдау» (гусиный шаг), «Параллельді өткел», «Бурелом», «Маятник», «Траверс», «Бөренеден өту» кезеңдерінен кідірмей жарысу арқылы түрлі сынақтардан өтті.
Барлық номинация бойынша Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Ақшұқыр» тобы үздік танылып, жоғары дайындығымен топ жарды.
Қазылар алқасының шешімімен:
🥇I орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Ақшұқыр» тобына;
🥈II орын – Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Түпқараған» және Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының «Биіктік» топтарына;
🥉III орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Бозжыра» және Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің «Желтау» топтарына білім басқармасының дипломдары мен кубоктары табысталды.

#туризмөлкетанубағыты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *