Халықаралық туризм күніне арналған
облыстық «Еуропа – Азия» туристік фестивалі
Білім басқармасының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық туризм күніне орай ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, туристік – өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында облыстық «Еуропа – Азия» туристік фестивалі қашықтықтан өткізілді.
Фестивалға жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарынан құралған 7 топ қатысты.
Фестиваль ережесіне сәйкес қатысушылар «Бард әндері» конкурсы, «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр», «Туристік-өлкетанулық фотосуреттер», «Туризм туралы бейнефильм», «Біріктірілген туризм» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 31 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы мен Жармыш орта мектебінің «Биіктік» және Мұнайлы ауданы, №12 және №15 орта мектептерінің «Эверест» топтары;
ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин мен Опорный орта мектебінің «Қыран», Ақтау қаласы, №27 орта мектебі мен №13 мектеп-гимназиясының «Ғаламат» және Қарақия ауданы, №1, 3, 7, 11 орта мектептерінің «Өлкетанушылар» топтары.