Халықаралық туризм күніне арналғао білім қызметкерлері арасындағы “Европа – Азия 2024” республикалық туристік фестивалі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 17-20 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының Самал туристік лагерінде Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы “Европа – Азия 2024” республикалық туристік фестивалі өткізілді.
Ережеге сәйкес “Техникалық қашықтық”, “Байлам қашықтығы” (ерлер жұбы, аралас жұп), “Өткелдер қашықтығы”, “Түңгі бағдарлау қашықтығы”, “Жеке қашықтығы”, “Бард әндері”, “Туристтік тұрмыс және дағды”, “Үздік әдіскер”, “Екі жұлдыз”, “Үстел ойындары”, “Дойбы”, “Тоғызқұмалақ”, “Футбол”, “Қалашық ойыны” номинациялары бойынша Маңғыстау облысынан “Маңғыстау” тобы сайысқа түсті.
Сайыс нәтижесінде:
“Жеке” қашықтығы “Б” тобы (W-әйелдер) бойынша жүлделі II орын – Сағатова Алтынай;
“Екі жұлдыз” номинациясы бойынша жүлделі II орын – Тәңірберген Бауыржан және Басшиева Жанат;
“Тоғызқұмалақ” ойыны бойынша жүлделі II орынды – Басшиева Жанат иеленді.
Жеңістеріңіз құтты болсын!