Skip to content

ХХV республикалық «Еуропа—Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі 2022 жылдың 13…

ХХV республикалық «Еуропа—Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі

2022 жылдың 13 – 14 сәуір күндері аралығында облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтардың кәсіптік шеберліктерін шыңдау, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе жинақтау мақсатында Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, Шахта жалпы білім беретін мектебі мен ауыл саябағында жалпы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында республикалық «Еуропа—Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі өткізілуде.
Фестивальдің алғашқы күні – «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр», «Менің кіші Отаным» туристік жорықтарының бейнероликтері, «Туризмнен онлайн сабақ», «Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік мақалалар», «Туристік тұрмыс және дағды», «Бард әндері» номинациялары бойынша ұйымдастырылуда.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының 8 командасы ұсынылды. Барлык катысушы педагогтар саны – 80.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *