«Көміртек ізін өлшеңіз!» экологиялық білім беру жобасының аясында
«Жер – біздің ортақ үйіміз!» республикалық байқаудың
қорытындысы
ҚР ОАМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Көміртек ізін өлшеңіз!» экологиялық білім беру жобасының аясында «Жер – біздің ортақ үйіміз!» республикалық байқауын 2023 жылғы 14 шілде – 29 тамыз аралығында қашықтан өткізді.
Байқау мақсаты: Білім алушылардың экологиялық мәдениетін және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Қашықтан өткізілген байқауға Маңғыстау облысынан 63 білім алушысы қатысып, оның 39-ы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Атап айтқанда:
«Зерттеу жобаларының бейне презентациялары» номинациясы бойынша:
II орын:
1. Бисенбек Мира, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы, №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
III орын:
1. Жомартқызы Жаннұр, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
2. Ноғай Әсел, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы.