Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің символы — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – болашаққа бастар жарқын жолымыздың айғағы, ұлт мақтанышы. Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін бірлік пен рухани жаңғырудың белгісі. Еліміз аман, жеріміз тыныш, Отанымыз гүлдене берсін! Астанамыз әрқашан жарқырап, өркендей берсін!
Ізгі тілекпен,
Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі орталығының ұжымы!