Маңғыстау эксперименталдық
ботаникалық бағындағы «Ашық есік күні»
🍀🍀🍀
12 сәуір «Ғылым күніне» орай облыстың бірден бір ғылыми зерттеу институты болып табылатын – «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағында» 5-7 сәуір күндері табиғат жанашырларына арналған ғылыми практикалық нәтижелерді және алуан түрлі дүние жүзі қорынан шоғырландырған өсімдіктер коллекциясымен танысу мақсатында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының» мамандары да қатысты.
♻️🍀🪴🌳Ботаникалық бақтың дендролог маманы Г. Ж. Досщыева іс-шара қатысушыларын ғылыми-тәжірибелік бағытта атқарылған зерттеу жұмыстарымен таныстырды.
Сирек кездесетін және жергілікті табиғат жағдайында өсетін өсімдік түрлерін зерттеу, басқа өңірлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру, қолайсыз климат жағдайында түрлердің өсуі мен биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау, интродуценттерді күтіп-баптау, өсімдік өсірудің агротехникасы мен олардың көбею заңдылықтарына бақылау жүргізу – ботаникалық бақтың негізгі миссиясы.
🌳🌲🌴🌾1972 жылы құрылып, аумағы 39 га қамтитын Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы – Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді. Бақ коллекциясынан Ресей, Канада, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды әр түрлі мемлекеттерден әкелініп, жерсіндірілген ағаш түрлерін кездестіре аласыз. «Шырша», «қарағай», «арша», «тис», «туя» секілді қылқанжапырақтылардың – 50, раушангүлділердің – 18, күрделі гүлділердің – 24, астық тұқымдасының – 16, бұршақ тұқымдасының – 12 туысы және өте сирек кездесетін өсімдіктердің – 51 түрі өсіріледі. Оның ішінде: 19 – жалпақ жапырақты, 14 – жеміс-жидекті, 12 – қылқан жапырақты, 6 – гүлді-сәндік өсімдіктер.
🪴🌵🍀🌿Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы – экология, биология бағытында ғылыми тәжірибелер, жобалар, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған дендрологиялық салада кәсіби мамандардың қызметтерін ұсына алатын жасыл желекке толы ғажайып орын.
#экологиябиологиябағыты