Skip to content

«Маңғыстау кереметтері» мәдени танымдық экскурсиясы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі…

«Маңғыстау кереметтері» мәдени танымдық экскурсиясы
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы ағымдағы жылдың 12-14 сәуір күндері аралығында білім басқармасының «Өз еліңді таны» акциясы аясында алынған балалар мен жасөспірімдер туризмінің іс-шараларының «Маңғыстау кереметтері» атты мәдени танымдық экскурсиясына Ақтөбе облысы Шалқар ауданы мектептерінің 50-ге жуық оқушылары апарылды.
Саяхат 7 маршурт: «Шопан ата-Бекет ата», «С.Қондыбай мемориалдық мұражайы», «Отпан тау тарихи-мәдени кешені», «Облыстық мұражай», «Мәңгілік алау», «Ботаникалық бақ» және Каспий жағалауы бойынша ұйымдастырылды. Келген оқушылар қонақ үйге орналастырылып, саяхаттың алғашқы күнін «Шопан ата-Бекет ата» бағыттарынан бастады. Балалар Бекет атаның өмірбаянымен, жер асты мешітінің құрылысымен танысты.
Ары қарай, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе елді мекеніне келіп, «С.Қондыбай мемориалдық мұражайына» барды. С Қондыбайдың өмірбаяны мен еңбектері жайында танысып, ғалымның шығармашылығына қызығушылық танытты. Одан кейінгі бағытымыз «Отпан тау тарихи-мәдени кешені» болды. Балаларға Адай ата туралы және Маңғыстау тарихи ескерткіштері жайында есту өте қызықты болды.
Келесі күні экскурсияны Облыстық мұражайдан бастадық, оқушылар облыстық мұражайдың мәдени-тарихи құндылықтарымен танысты.
Батыс Қазақстан облысы бойынша бізде ғана бар ғылыми орталық «Ботаникалық баққа» саяхат жасадық. Онда оқушылар ботаникалық бақтағы барлық өсімдік түрлерін аралап, бақтың өзге елден келген өсімдік түрлерінің жерсіндірілуі жолдарымен танысты.Сонымен қатар, оқушылар «Мәңгілік алау» және Каспий жағалауларында суретке түсті. Келген оқушылар Маңғыстау кереметтерін көріп жақсы әсерде елдеріне қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *