Маңғыстау облысының білім беру ұйымдары
арасындағы «Табиғатпен үндес білім ұйымы» облыстық байқауы
Білім басқармасының іс – шаралар жоспары аясында білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беруді жетілдіру пәнаралық байланыстар арқылы экологиялық мәселелерді оқу процесіне енгізу, мектеп оқушыларын аудан, қала және облыс масштабындағы экологиялық тақырыптардағы жобаларға тарту, экологиялық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру, экологиялық білім беруді насихаттаудың белсенділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 23.10 – 08.11 күні аралығында облыстық кезеңі өткізілуде.
Облыстық байқауға мектепке дейінгі, жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 11 қатысушы қамтылды. Ережеге сәйкес білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім мен тәрбие сапасын арттыру бағытында «Жасыл мектеп», «Жасыл колледж», «Жасыл балабақша» номинациялары бойынша сынға түсуде. Байқау қорытындысы 12 қарашада жарияланады.
Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
