Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орындарына саяхат
Маңғыстау облысы білім басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы жат әрекеттерден сақтану мақсатында, ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні ЖШС «Этнотур» туристік фирмасы 40 оқушыны «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, «С.Қондыбай мемориалдық музейіне» экскурсияға апарды.
Саяхат гидтері жол бойында оқушыларға өңіріміздің тарихи орындары жайлы ақпараттар айтты. «Отпан тарихи-мәдени кешеніндегі» мемориалдық музейіне барып, музей экскурсоводы музей ішін толықтай таныстырды.
Адай Ата кесенесі Қаратау жоталарының ең биік шоқысы Отпан тауда орналасқандығын және кесененің биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37 метр болатынын, Ресей республикасында жасалған күмбездер арқауы алтынмен шайылғандығын, Адай Атаның екі қапталындағы-екі баласы Құдайке мен Келімберді атамыздың құрметіне арналған кесенесі екендігін және «Отпан тау» тарихын кеңінен түсіндіріп өтті ,содан кейін «С.Қондыбай мемориалдық музейіне» жол жүрді, алдымен С.Қондыбайдың өмірбаянымен танысып, және жер асты бейнесіндегі бөлімдерімен, түрлі аңыз әңгімелермен танысты.
