«Маңғыстаунама – 2020» облыстық танымдық байқауы
Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ағымдағы жылғы 22 желтоқсан күні жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мыңжылдық тарихы бар өлке туралы оқушылардың ой-танымын кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында білім алушылары арасында «Маңғыстаунама – 2020» облыстық танымдық байқауын қашықтықтан өткізді.
Байқауға облыс, аудан, қала мектептерінің 14-16 жастағы 70 білім алушылары қатысты. Барлығы 45 жұмыстар қаралды.
Байқау 3 номинацияны қамтыды. Қатысушылар «Маңғыстау аңыздары» номинациясында өлкеміздің аңыздары желісінен алынған сюжетті сурет салса, «Едігенің ісі» сахналық қойылым номинациясы бойынша Едіге батырдың ерліктері туралы бейнематериалдарын, ал «Тарих тереңінде» номинациясында маңғыстаулық тарихи тұлғалар, экологиялық апатқа ұшыраған өлке аймақтары, тарихи ескерткіштер туралы жазылған эссе ұсынды.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын төмендегідей бағалады:
«Маңғыстау аңыздары» сурет номинациясы бойынша:
І орын – Жұмабай Інжу, Қарақия ауданы, №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Еламан Аружан, Ақтау қаласы, №11 лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын –Қайнарбай Ақгүл, Ақтау қаласы, №28 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Лепесова Гүлдана, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Айбулатова Айнур, Түпқараған ауданы, М.Горький мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Қыпшақбаев Нұрсұлтан, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
IV орын – Көшен Шалқар, Мұнайлы ауданы, №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
IV орын – Сенбекқызы Кәмила, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
«Едігенің ісі» сахналық қойылым номинациясы бойынша:
І орын – Мұнайлы ауданы, №12 орта мектебінің құрама тобы;
ІІ орын – Қарақия ауданы, Құрық орта мектебінің құрама тобы;
ІІ орын – Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов мектеп гимназиясының құрама тобы;
III орын – Маңғыстау ауданы. Е. Айшуақұлы атындағы орта мектебінің құрама тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің құрама тобы;