Skip to content

«Мектеп туризмін дамытудағы ізденістер» тақырыбындағы облыстық семинар 🏕2022 жылдың 28…

«Мектеп туризмін дамытудағы ізденістер» тақырыбындағы облыстық семинар

🏕2022 жылдың 28 наурыз күні Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының туризм үйірмесі жетекшілерінің қатысуымен «Мектеп туризмін дамытудағы ізденістер» тақырыбында география пәні мұғалімі, қазіргі таңда мектеп директоры қызметін атқарып отырған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «2019 жылдың үздік педагогі атағының иегері», «Үздік педагог» төсбелгісінің және республикалық «Жас турист» авторлық бағдарламасының авторы Надирова Гүлсім Құрманбайқызының іс-тәжірибесін насихаттау, тарату мақсатында облыстық семинар ұйымдастырылды.
🗺🏕🍀 Семинарда Г.Қ. Надированың 2013 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында жүргізілген үйірме жұмыстары таныстырылды. Осы уақытқа дейін Г.Қ. Надирова үйірме мүшелеріне «Булыойық», «Бесшоқы», «Ерсарының қайрағы», «Қаракеуек шатқалы» (Ыбық), «Шақпақата», «Тұзбайыр – Сынды» нысандарға танымдық саяхаттар, жаяу, жартылай жаяу жорықтар өткізген. Оқушылар жорық, саяхаттарға шығу барысында зерттеу жұмыстарымен айналысып, алуан түрлі тастар, сүйектер, ежелгі «Тетис» мұхиты аумағынан (Тұзбайыр соры) акула тістерін кездестіріп, табылған дүниелерден мектеп музейі тәрізді кабинет жасақтап, орналастырылған. Үйірменің белсенді мүшелері Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен байланыс орнатып, ата-аналармен, жеке кәсіпкерлермен, мектептің қамқоршылық кеңесімен ынтымақтастықта біраз жұмыстар атқарып келеді. Семинар барысында Г.Қ.Надирова үйірме жетекшілері арасында «Туған жерді танып біл!» квест ойындарын, сонымен қатар орталықтың туризм-өлкетану бөлімінің нұсқаушысы М.Тегисбай «Жорық кезінде туристік дағды бойынша далалық тұрақты ұйымдастырудың әдістерін» практикалық тұрғыда жүргізіп, көрсетті.
🏕Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, осы жұмыстарды ары қарай жүйелі жалғастыратындарын және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *