«Мен және су» балалар шығармашылық жұмыстары
экологиялық байқауы
Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында «Қазақстан American Corners Network» қоғамдық бірлестігі мен «Эко Маңғыстау» ҮЕ бірлесе отырып, «Қазақстанның батыс аймақтарындағы экологиялық проблемалар және су ресурстарын ұтымды пайдалану» жобасы аясында өскелең ұрпаққа экологиялық білім беру және насихаттау мақсатында қашықтықтан «Мен және су» байқауын ұйымдастырды.
«Игі істердің жағалауы», «Менің сүйікті су айдыным», «Үздік digital сурет», «Таза судың болашағы» номинацияларынан тұратын аймақтық байқауға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының білім алушылары қатысты. Маңғыстау облысынан 120 білім алушы жарысқа түсіп, оның 11-і төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
«Игі істердің жағалауы» номинациясы бойынша:
Ақтау қаласы, IT мектеп лицейінің 6 сынып оқушысы Копылов Лев;
Ақтау қаласы, IT мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы Джумаева Камила;
Ақтау қаласы, №7 мектеп лицейінің сынып оқушысы Мошев Дмитрий.
«Менің сүйікті су айдыным» номинациясы бойынша:
Ақтау қаласы, №20 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Темірхан Анель;
Мұнайлы ауданы, №15 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Жалғасын Жания;
Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 5 сынып оқушысы Берікқызы Әсел;
Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Боранқұл Мирас.
«Үздік digital сурет» номинациясы бойынша:
Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Сандыбаев Ерлан.
«Таза судың болашағы» номинациясы бойынша:
Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Мечеев Али;
Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Алиева Мадина;
Ақтау қаласы, №23 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Лечи Бақдәулет марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!