Skip to content

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық…

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі

20 сәуір күні «Балалар жылы» аясында Маңғыстау туризм колледжінде балалар мен жастарда азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі өткізілді.
Слетке 12-17 жас аралығындағы 57 білім алушы қатысты.
Слеттің бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Туған өлкенің соқпақтары», «Өшпес жұлдыздар», «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет», «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» номинациялары бойынша іздеу-зерттеу жобаларын, жорық карталарын, маршруттарын, күнделіктерін ұсынып, «Туристік түйіндер» кезеңінде 8 түрлі түйін түрлерін байлап, орындау жылдамдығын, ептілігін көрсетті.
«Бард әндері» мен «Туристік кедергілер жолағы» кезеңдері қашықтықтан ұйымдастырылып, барлығы 7 номинация бойынша 42 жұмыс қаралып, зерделенді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
​1. «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» номинациясы бойынша:
​І орын – Мұрат Гүлсая, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
​ІІ орын – Байбатыр Айдана, Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы;
​ІІІ орын – Бахтыбайқызы Муниса, Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
​2. «Өшпес жұлдыздар» номинациясы бойынша:
​І орын – Ақтанберген Аян, Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
​ІІ орын – Жұмабек Перизат, Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы және Абдулла Гаухар, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;
​ІІІ орын – Самат Жанерке, Бейнеу ауданы, Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы және Қыраубаев Тоқтар, Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
​​

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *