«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық
жасақтарының облыстық слеті
📌📌📌Облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21-22 сәуір күндері жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті 21 сәуірде 4 номинация бойынша қашықтық форматта өткізілуде: «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкенің тарихы», «Жас өлкетанушы».
📌📌📌 Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
📌📌📌Слетке аталған номинациялар бойынша аудандық/қалалық кезеңдердің 23 жеңімпазы қатысуда. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз