«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің әдістемелік кеңесі
Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 мамыр күні «Менің Отаным -Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің жеңімпаздары мен жетекшілеріне әдістемелік кеңес ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Әдістемелік кеңеске аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері, слеттің І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері мен жетекшілері қатысты. Орталықтың туризм – өлкетану бөлімінің жетекшісі Ж.Нугиманова облыстық туристік слетке ұсынылған ерекше жұмыстарды, сонымен қатар кездескен кемшіліктерді де атап өтті. Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздардың жетекшілеріне жобаларды дамыту турасында өзінің ұсыныстарын білдірді.